freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Трамппен Украина мен Иран жайлы бір сағат сөйлесті

Әлем
Путин Трамппен Украина мен Иран жайлы бір сағат сөйлесті
Фото: Reuters

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме шамамен бір сағатқа созылып, тараптар Украинадағы соғыс, Иран мәселесі және екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Оның айтуынша, Дональд Трамп Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуды қолдайтынын айтып, Киев пен еуропалық серіктестерге ықпал етуге уәде берген.

Ал Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу мүмкіндігіне тоқталып, егер Зеленский келіссөз өткізгісі келсе, Мәскеуге келуі керек екенін жеткізген.

Сондай-ақ Путин мен Трамп АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен бұрынғы президент кеңесшісі Джаред Кушнердің жақын уақытта Ресейге қайта сапар жасауын келіскен.

Тараптар АҚШ пен Иран арасында әзірленіп жатқан меморандумды да талқылаған. Юрий Ушаковтың сөзінше, Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісімге қол жеткізуге жақын қалғанын және оның бүгін жариялануы мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, 14 маусымда Дональд Трамп 80 жасқа толды. Осыған орай Ақ үй маңында аралас жекпе-жек турнирін өткізуге арналған арнайы алаң мен көрермендер трибуналары орнатылған. Алайда бұл бастама қоғамда қызу пікірталас туғызып, белсенділер сотқа шағым түсірген. Соған қарамастан сот турнирді өткізуге рұқсат берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу