Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ғылыми еңбекте Путин - Сүлеймен пайғамбармен, Эйнштейнмен қатар қойылыпты

MALIMet
Ғылыми еңбекте Путин - Сүлеймен пайғамбармен, Эйнштейнмен қатар қойылыпты
© baltnews.com

Верстка басылымы Владимир Путиннің есімі ғылыми еңбектерде жиі аталатыны сонша, дәйексөз келтіру жиілігі бойынша Ресей президенті анау-мынау ғалыммен теңесіп қалады дейді (Хирш индексі шамамен 43 ұпай).

Басылым 2022-2025 жылдар аралығындағы ғылыми еңбектерді зерттеп, осындай қорытындыға келіпті.

Оның үстіне, Путиннің есімі тек қоғамдық ғылымдар бойынша еңбектерде емес, сонымен бірге - филология, педагогика, мәдениеттану, тіпті - медицина салалары бойынша еңбектерде де кездеседі екен.

Мысалы, Кубань университетінің доценті Путинді бай және ақылды деген мағынаны білдіретін сөздер қатарында атап өткен. Байлардың арасында Путиннің есімі Илон Маск, Билл Гейтс сияқты есімдермен қатар тұрса, ақылды адамдарды білдіретін ассоциативтік сөздер қатарында Эйнштейн, Сүлеймен пайғамбармен иық тіресіп тұр екен.

eLibrary академиялық қорын зерттей келе, ғылыми еңбектерде Путиннің есімінің кездесуі 2015 жылдан бастап арта бастағаны айқындалыпты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу