Бүгін Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды Malim.kz BAQ.kz сайтына сілтеп.
Бұл жолы күдікті Александр Пак сот залына келмеді. Бүгін жәбірленуші ретінде танылған Қанат Тлемесов мәлімдеме жасады. Ол - марқұм болған жүргізушінің әкесі. Ол қаза туралы 21 наурыз күні естігенін хабарлады.
Заң бойынша жаза сұраймын. Сотқа талап-арызым жоқ. Кешірім бердік. Ары қарай заң шешсін, - дейді жәбірленуші.
Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын. Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.
Ал 8 маусымда үшінші жәбірленуші тарап та Пакқа кешірім бергені белгілі болды.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады. Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов күдікті Александр Пактың жазадан құтылып кетуі екіталай екенін айтты.
Күні кеше Олег Чернов жәбірленуші тараптан оның қызметінен бас тартқанын хабарлады.
Айта кетейік, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергелді. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.