freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауа райына байланысты ескерту жасалды

Экология
Ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 15 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу