freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Экология
Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: ЖИ арқылы жасалған

22 қыркүйекте Қазақстанның 13 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін. Мұндай кезде ауада зиянды заттардың жиналу қаупі артады, деп Malim.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай Павлодар, Орал, Ақтөбе, Талдықорған және Алматы қалаларында күтіледі.

Ал түнгі уақытта Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау және Астанада осындай жағдай болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман мен температуралық инверсия секілді факторлардың қатар келуі. Мұндай кезде атмосферадағы ластаушы заттар жерге жақын ауа қабатында жиналып, ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы да әсер етеді.

Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ уақыт жүрмеу ұсынылады. Автожолдар мен ауаны ластайтын нысандарға жақын жерлерде серуендеуді шектеген жөн.

Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ескертіледі.

Сондай-ақ ашық ауада ауыр дене жаттығуларын азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін 22 қыркүйекке Астана мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу