freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды

Экология •
Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды
Фото: t.me/kazakhmys_news

Ұлытау облысындағы Қазақмыс кәсіпорындарының жұмыскерлері Жезқазған қаласында өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысып, 5 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды. Көгалдандыру жұмысы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Терек, қарағаш, шаған, үйеңкі және сары қараған көшеттері қаланың батыс бөлігіндегі тұрғын алабының қорғаныш орман белдеуіне, сондай-ақ Жезқазған-Сәтбаев автожолының бойына отырғызылды.

Жұмыс «Қазақмыс» компаниясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Отырғызу алдында мамандар аумақты дайындап, көшет егілетін орындарды әзірледі.

Жаңа жасыл желек қорғаныш аймақтарын қалыптастыруға, қалалық ортаны жақсартуға және автомобиль жолына іргелес аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді. Өңірдің қуаң климатын ескерсек, ағаштардың жерсінуін қамтамасыз етіп, оларды күтіп-баптаудың маңызы зор.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамаларына қатысу Қазақмыс жұмыскерлерін ортақ мақсатқа біріктіреді. Бұл – өңірдегі қалалар мен елді мекендерді жасыл желекке оранған және өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыру.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу