Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

Мемлекет басшысы бүгін 13 сенатордың өкілеттілігін тоқтатты.

  • 24.01.2023

Қысқарғандар қатарында Назарбаевқа университет ашып берген бұрынғы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, қаржы полициясын басқарған уағында «тапсырыспен іс қозғаушы» деген сөзге қалған Қайрат Қожамжаров,  ісінен сөзі жүйрік экс-әкім, экс-министр Мұхтар Құл-Мұхаммед, Назарбаевтың жерлесі, Ресей батыры, екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев сияқты заманында ақ дегендері алғыс, қара дегендері қарғыс болған жандар бар. Назарбаев дәуірінде дәурені жүрген бұларға алдағы уақытта қандай мансап бұйыратыны әзірге белгісіз.

Президент жарлығымен сенатор орынын босатып, қайта оралғандар да  бар. Олар Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп,
Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіровтер.  Сондай-ақ, Жоғарғы соттың экс-төрағасы Жақып Асанов енді сенатор. Ал күні кеше  Конституциялық өзгеріске байланысты мәжілістен кеткен «Қазақстан халқы ассамблеясының» өкілдері сенатқа жайғасты. Ассамблея атынан сенат мандаты Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова,
Алишер  Сатвалдиев, Геннадий Шиповскихларға бұйырды.
Заң бойынша сенат депутаттардың бір бөлігін мәслихат депутаттары сайласа, бір бөлігін президент өз жарлығымен тағайындайды.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

05.03.2024

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

03.07.2023

Ұйғырдағы наразылыққа депутат Кузиев жауап берді

21.09.2022

Назарбаевадан басқаны тыңдамайтын су жаңа депутат

28.04.2022

Буча мәселесін БҰҰ қарау керек - Әшімбаев

07.04.2022

Н. Жүсіп: Өтірік, өсек, жалпақтау мен жарамсақтық қайдан орнықты?

20.01.2022
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Сенат Төрағасы Ұлытау облысының жұртшылығымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлытау облысының мәслихат депутаттары, ақсақалдары және жастарымен кездесті.

Ұйғырдағы наразылыққа депутат Кузиев жауап берді

Депутат «аудан атын өзгертуде халықтың талабын ескерген жөн» дейді

Назарбаевадан басқаны тыңдамайтын су жаңа депутат

Бүгін таңертең президент жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қызметінен кеткен Закиржан Кузиев кешке мәжіліс депутаты болып сайланды. Дауыс беру процесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Буча мәселесін БҰҰ қарау керек - Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинаның Буча қаласынан Ресей әскері кеткеннен кейінгі жағдай туралы БҰҰ жанынан комиссия құру керегін айтты.

Н. Жүсіп: Өтірік, өсек, жалпақтау мен жарамсақтық қайдан орнықты?