Танымал актер Абай Асылханның әлеуметтік желіде жариялаған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Кадрларда актер көрерменге еркелеп, өзіне тән қылығын көрсеткен. Алайда оның бұл әрекеті желі қолданушыларының бәріне бірдей ұнай қоймаған.
Жазба астында бірқатар оқырман актердің әрекетін сынға алып, видеоны жағымсыз деп бағалаған. Кейбірі тіпті оның қылығын «жиіркенішті» деп атаған.
Пікір білдірушілердің бірі: «Қатыныңды еркелет одан да», – деп жазған.
Осылайша, Абай Асылханның көпшілікке арнаған видеосы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды.
Айта кетейік, бұған дейін Жанель Мақажан жұбайы Абай Асылханнан бөлек тұрып жатқанын және балаларымен бірге басқа үйге көшкенін айтқан еді. Кейін бірқатар БАҚ актерді Жанельдің бұрынғы күйеуі деп атады. Дегенмен олардың ресми түрде ажырасқаны туралы нақты ақпарат жарияланбаған.