Шымкент бокс федерациясының медиа директоры қызметіне Жиенбаева Арайлым Бақытжанқызы тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы федерацияның Instagram парақшасында хабарланды.
Арайлым Жиенбаева әлеуметтік желіде белсенді блогер ретінде танылған. Ол парақшасында негізінен ойын-сауық бағытындағы видеолар түсіріп, түрлі форматтағы контент жариялап келеді.
"Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта да өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында керемет жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз", – делінген хабарламада.
Федерация өкілдері жаңа медиа директорға қызметінде табыс тілеп, алдағы жұмысына сәттілік білдірді.
