freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баян Мақсатқызы діни фанатизм туралы пікірін нақтылады

Шоу-бизнес
Баян Мақсатқызы діни фанатизм туралы пікірін нақтылады
Баян Алагөзова. Фото: Instagram\bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Мақсатқызы діни фанатизм туралы бұған дейінгі жазбасынан кейін қоғамда қызу пікірталас туындағанын айтып, мәселені тағы бір рет түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Діни фанатизм туралы жазбам қоғамда үлкен резонанс тудырған соң, бұл тақырыпты жалғастыруға тура келді. Менің сөзіме ренжігендердің барлығынан кешірім сұраймын. Әр адамға және әр дінге құрметпен қараймын, егер ол өзгеге зиянын тигізбесе", – деп жазды ол.

Продюсер өзін "діндарлардың сезімін қорлады" деп айыптағандарға да жауап берді.

"Мұқият оқыңыздар: мен біздің халқымызға жат дүниелерді күштеп таңуға қарсымын. Мен діннің өзіне емес, радикализм мен фанатизмге қарсымын", – деді Баян Мақсатқызы.

Ол соқыр сенім мен радикалды көзқарастың салдарына қатысты бірнеше мәселені де көтерді.

"Қыздарды 9 жастан тұрмысқа бергенін қалайсыздар ма? Олардың білім алуына немесе медициналық көмек алуына тыйым салынғанын қалайсыздар ма? Әйелді ұрып, оны “шайтанның ықпалынан қорғау” деп түсіндіргенді қалайсыздар ма? Ер адам әйел алып, бірақ оған жауапкершілік арқаламағанын қалайсыздар ма? Үш рет “талақ” деп айтып, әйелін оңай тастап кете бергенін қалайсыздар ма? Қызыңыз немесе әпке-сіңліңіз жеке тұлға болмай, біреудің қосымшасына айналғанын қалайсыздар ма? Оның рұқсатсыз қоғам алдына шығып, сөйлеуге құқығы болмағанын қалайсыздар ма? Тіпті өзін және балаларын қорғай алмағанын қалайсыздар ма? Мен бұған үзілді-кесілді қарсымын", – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар ол ұлттық мәдениетті қолдайтынын және алдағы уақытта да осы ұстанымынан айнымайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде діни фанатизм мен қоғамға жат радикалды көзқарастар туралы пікір білдіріп, оның жазбасы көпшілік арасында қызу талқыға түскен еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу