freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

Саясат
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын салық саласында бастаған. Кейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. Сондай-ақ Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, қаржы вице-министрі және бірінші вице-министр қызметтерін атқарған.

Марат Сұлтанғазиев 2022 жылдың маусымынан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу