freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев жаңа министрге нақты міндеттер жүктеді

Саясат
Тоқаев жаңа министрге нақты міндеттер жүктеді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдап, ведомство жұмысының басым бағыттарын айқындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында Президент министрлік алдына бірқатар нақты міндет қойды. Соның ішінде мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтап, оны кеңінен насихаттауға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде таныту жұмыстарын күшейтудің маңызын да атап өтті.

Кездесуде мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері де талқыланды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандырып, заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып, заң жобалау жұмысын жетілдіру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды және жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасауды тапсырды.




 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу