Төреғали Төреәлінің отбасында тағы бір жағымды жаңалық көпшіліктің назарын аударды. Төркінiне келген Фариза сіңлісі Кәусарды да назардан тыс қалдырмай, оған ерекше сый жасаған, деп хабарлайды Malim.kz.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, жақында еңбектеніп үйренген Кәусар Төреғалиқызына жездесі мен әпкесі 1 000 000 теңге көлемінде көрімдік берген.
Жазбада: «Бұйыртса, аяғына нық тұрып кетсін!» деген ақжарма тілек те айтылған.
Отбасылық бұл сәт желі қолданушыларының да ықыласын тудырып, көпшілік жас қызға сәттілік тілеп жатыр.