freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кенесары ханның басына 20 млн теңге ұсынды

Malim podcast
Кенесары ханның басына 20 млн теңге ұсынды
Фото-коллаж: buqara_news_

Шымкенттік заңгер Санжар Қосаев Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтарған адамға 20 миллион теңге беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында Кенесары ханның сүйегін елге қайтару мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл - тек тарихи мұраны қайтару емес, ұлттық рух пен намысқа қатысты мәселе.

- Мен қазақпын, батырдың ұрпағымын. Қазақтың соңғы ханы Кенесары еліміздің еркіндігі үшін, жері үшін жанын қиған. Ал басы болса, бүгінге дейін бөтен елде жатыр. Әлі күнге дейін қайтара алмай отырмыз. Олар үшін бұл Кенесары хан бабамыздың бір «бүлікшінің, бір қарақшының сүйегі» ғана болса, біз үшін, қазақ үшін – намыс, рух, абырой, – деді ол.

Санжар Қосаев Кенесары ханның басын елге қайтаруға көмектескен адамға жеке қаражатынан 20 миллион теңге беретінін айтты.

- Бұл – бойкот емес. Бұл – қазақтың намысын қайтару, ұлт рухының тірілуі. Кімде-кім Кенесары ханның басын елге әкеліп, туған жеріне қайтарса, мен өз қалтамнан 20 миллион теңгені сол адамға табыстаймын, – деді заңгер.

Ол Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтарып, тарихи тұлғаны лайықты түрде жерлеу қажет екенін атап өтті.

Жылдам сілтемелер
Іздеу