freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хиджабқа рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін

MALIMet
Хиджабқа рұқсат берген мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін
ФОТО-коллаж: ЖИ арқылы өңделген

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептерде оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берілген жағдайда қандай шара қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Үкімет үйінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министрден журналистер мұндай талапты бұзған жекеменшік білім беру ұйымдарына қатысты қандай шара қабылданатынын сұрады.

"Лицензиялау мәселесі бар – лицензиясын қайтарып алу. Бұдан бөлек те бірқатар тетік бар, оларды бірлесіп пысықтаймыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы мектепке хиджаб киіп келген оқушыларға қатысты дерек тіркелмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу