freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Саясат
Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы экономист қызметінен бастаған. 

Ол әр жылдары «KEGOC» компаниясын басқарды, Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімі болды. 2016-2019 жылдары Қазақстанның Энергетика министрі, 2019-2021 жылдары Президенттің көмекшісі, 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарған. Кейін Мемлекет басшысының кеңесшісі болды. 

Қанат Бозымбаев 2024 жылғы наурызда да Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған. Бұл лауазымда ол өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, су ресурстары мен ирригация, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою мәселелерін үйлестіріп келді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу