457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қожамжаровтың ең жақын серіктерінің бірі ұсталды

Экс-сенатор Қайрат Қожамжаровтың ең жақын адамдардың бірі – бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының төрағасы Талғат Татубаевтың ұсталды. Бұл туралы Elmedia мен КазТАГ-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.


Бізге белгілі болғандай, кеше Қайрат Қожамжаровқа жақын тұлға – 49 жастағы Талғат Татубаев Алматы қаласына жеткізіліп, ұсталды. Ол 2005 жылдан бастап қаржы полициясында жұмыс істеген. Қожамжаров сол жерде басшылық еткен кезеңде Татубаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (ЭСЖҚКА) сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу департаментінің бастығы деңгейіне дейін көтерілген. Кейін Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің орынбасары болып қысқа уақыт қызмет етіп, қайтадан қаржы полициясына оралған. Ол кезде бұл орган Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро деп аталған, ал 2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейін осы мекемені басқарды, – деп хабарлайды Elmedia жұма күні.

Қожамжаров Бас прокурор қызметін атқарған кезде, Татубаев ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып жұмыс істеген, ал кейін 2022 жылдың наурызына дейін Әділет министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

«Elmedia-ның сенімді дереккөзіне сүйенсек, Талғат Татубаев «БТА банк» қызметкерлеріне азаптау қолданды деген күдікке ілініп отыр. Бұл – банктің активтері үшін болған «соғыс» кезінде жаппай ұстаулармен байланысты, бұрыннан белгілі, бірақ әлі жабылмаған эпизодқа қатысты оқиға. Бұл істе азаптау мен куәлік беруге мәжбүрлеу туралы құқық қорғаушылар мен адвокаттар бірнеше рет мәселе көтерген. Дереккөздің мәліметінше, Татубаев бұл азаптау әрекеттерінің ұйымдастырушысы немесе сыбайласы ретінде тергелуде. Тергеу істерін Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық тергеу тобы жүргізуде. Басқа бір дереккөздің айтуынша, прокуратура мен құқық қорғау органдарында қызмет еткен Қожамжаровтың бұрынғы және қазіргі жақтастары Татубаевты құтқаруға тырысуда», – деп нақтылайды Elmedia.

КазТАГ редакциясы бұл жағдай бойынша Бас прокуратураның баспасөз қызметінен пікір сұрағанын хабарлады. 

Фото: КазТАГ