457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нобель сыйлығы-2025. Физиология мен медицина.

IMAGE: ©Нобель комитеті


BBC хабарлайды.

Физиология мен медицина саласындағы Нобель сыйлығы америкалық Мэри Э. Бранкоу мен Фред Рамсделге және жапондық Шимон Сакагучиге берілді. “Перифериялық иммундық толернттық саласындағы еңбектері үшін” делінген негіздемеде.

BBC басылымының түсіндіруінше, бұл жерде толеранттық деген - иммундық жүйенің ағзаға қауіпсіз денелерді елемеу қабілеті екен. Мысалы, иммунитет ағза антигендерді елемейтін көрінеді. Ол ағзаның дамуының бастапқы кезеңінде қалыптасады.

Бұрын иммундық жүйенің қауіптерді танып білуі ағзның қалыптасу кезеңінде аяқталады деп есептеліп келген. Биылғы Нобель алып отырған аталмыш үшеу бұл қағиданы теріске шығарыпты.

Ғалымдар иммундық жүйенің “қорғашуыларын” тапқан. Олар реттегіш T-жасушалар болып шығыпты. Осылайша, ғалымдар зерттеудің жаңа бағытын айқындап берді дейді Нобель комитеті өзі таратқан баспасөз баянында.

Сонымен бірге, ғалымдардың еңбектері емдеудің жаңа әдістерін жасақтауға негіз болған, қазір олар клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Өз кезегінде, ғалымдар аутоиммундық дерттердің емі табылатынына, обырды емдеудің тиімдірек әдістері жасалатынына үміттенеді.