457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Медқызметкерлерге тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне бір тоқсанда 1,7 млн теңгеге дейінгі көтермелеу қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мамандарды ынталандыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің жаңартылған жүйесі енгізілді.

«Бұл норматив 2011 жылы енгізілгенімен, ұзақ уақыт бойы қайта қаралмағандықтан тиімділігі төмендеді. Ал 2020–2024 жылдары созылмалы аурулар бойынша шұғыл госпитализация 2–4%-ға артты, соның салдарынан медициналық қызмет шығындары 600%-ға өсті», – деп түсіндірді министрлік.

Жаңартылған нормативтің негізгі мақсаты – профилактикалық жұмысты күшейту, науқастарды ерте кезеңде анықтау арқылы ауруханаға жатқызу санын азайту.

Көтермелеу төлемдері учаскелік дәрігерлерге, медбикелерге, фельдшерлерге және жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге беріледі.

Министрлік ұсынған есептеу жүйесі:

  • 1 балл = 4,5 АЕК.
  • 50 балл – қан айналымы жүйесі аурулары мен қант диабеті бар пациенттерді толыққанды динамикалық бақылау үшін.
  • 25 балл – созылмалы ауруларды ерте анықтау және әйелдерді жүктілікке дейін сауықтыру үшін.

Сонымен қатар, бонус төлемдері қарастырылған (1 бонус = 5 АЕК):

  • қатерлі ісік ауруларын анықтағаны үшін.
  • туберкулез жағдайын анықтағаны үшін.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00