457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атып түсіруге де болады – Чехия президенті

IMAGE: ©svoboda.org (AP)

Чехияның президенті Петр Павел Эстонияның ендеше НАТО-ның әуе кеңістігіне Ресей ұшақтарының кіріп кетуіне байланысты пікірін айтты.

Бұл туралы svoboda.org хабарлайды.

Ол Мәскеудің мұндай қылығына сәйкесінше жауап беру керегін, тіпті әскери амалдардың артық емесін айтты. Реті келсе, атып түсіруге де болады дейді ол.

Оның айтуынша, Ресейдің НАТО әуе кеңістігін бұзуы Еуропаны бұрынғыдан бетер мазалап отыр.


"Біз үндемеген сайын Ресей сұғына береді", –


деді Чехия президенті.

Эстония 19 қыркүйек күні Фин шығанағына Ресейдің 3 жойғыш ұшағы кіріп кеткенін мәлімдеген болатын.