Қазақстан–Ресей шекарасында көліктер тексеріліп жатыр

Қазақстанның Көлік министрлігі мен Шекара қызметі Ресеймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін тексерді, деп хабарлайды Malimz.kz.
Сапар ел басшылығының тапсырмасымен жүзеге асты. Мамандар көлік қозғалыс аймақтары мен тексеру алаңдарын қарап, инфрақұрылым жағдайын бағалады.
Тексеру нәтижесінде бейтарап аймақта, әсіресе жүк көліктерінің Ресейге қарай қозғалысында айтарлықтай кезектердің пайда болғаны белгілі болды. Бұл өткізу рәсімдерінің баяулауына және жүргізушілердің уақыт жоғалтуына себеп болып отыр.
Ведомствоның мәліметінше, кептелістер Ресей тарапынан бақылаудың күшеюінен туындаған. Жүк пен көлікті қарау уақыты ұзарып, құжат тексеру қатаңдатылған. Сонымен қатар санитарлық және фитосанитарлық талаптарды қадағалау бойынша қосымша шаралар енгізілген.
Фото: gov.kz