457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дәріхана арқылы есірткі таратқандар ұсталды

Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелері ұзақ уақыт бойы Алматыдан Жамбыл облысына психотроптық заттарды заңсыз тасымалдап, өткізумен айналысқан топтың қызметін анықтауға бағытталған арнайы операция жүргізді.

Нәтижесінде Тараз қаласындағы бірқатар дәріханадан 364 ампула күшті әсер ететін трамадол, 1800-ден астам тропикамид, сомнол және димедрол таблеткалары, сондай-ақ 17 грамм оксивид есірткі заты тәркіленді.

Операция барысында төрт күдікті ұсталды. Тергеу мәліметінше, олардың бірі – Тараздың 59 жастағы тұрғыны – 2023 жылдан 2025 жылға дейін тыйым салынған препараттарды жеткізу мен таратуды ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесі ретінде жасырып келген, - деп жазылған ақпаратта.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұл операция азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ішкі істер органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі екені атап өтілді.

Айта кетейік, Жамбылда этил спиртін заңсыз өндірген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Фото:  Polisia.kz