457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы мен Алматы облысында есірткі таратқандар қолға түсті

Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз есірткі айналымын анықтады. 

Алматы полициясының мәліметінше, қала аудандарының бірінде ер адамды тінту кезінде одан мефедрон есірткісі табылған. Кейін онымен сыбайлас екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақтың қолдауымен Алматы облысында ұсталды. 

Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады полиция.

Фото: Kazinform