457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысы әкімінің “халықпен кездесуіне” қарапайым тұрғындар кіре алмаған

Залды толтыру үшін мұғалімдерді арнайы жинаған

Алматы облысында өткен әкім Марат Сұлтанғазиевтің “халықпен кездесуіне” қарапайым тұрғындар кіре алмаған. Залды толтыру үшін мұғалімдерді арнайы жинаған, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу туралы хабарлама әкімдіктің ресми парақшасында бар болғаны 17 сағат бұрын жарияланған. Соның салдарынан көптеген тұрғын жиналыстан бейхабар қалған.

Бүгін 4 мектептің мұғалімдерін әкеліп отырғызған. Қарапайым халық жоқ. Әкім келетінін тек мұғалімдерден естідік. Неге алдын ала хабарланбайды? Халықтың айтары бар ғой. Әкім келетін күні аудан тап-таза болып шыға келеді. Осындай тазалық пен тәртіп күн сайын болса екен дейміз, — дейді Іле ауданының тұрғыны Сұлтансандуғаш Базарғалиқызы.

Оның айтуынша, ауданда шешімін таппаған мәселелер көп.

Көше жөндеу, баспана, әлеуметтік көмек алу — бәрі күрделі. Кейбір мұқтаж отбасылар тіркеуі жоқ болғандықтан АӘК ала алмай отыр. Өзім аудан әкіміне үш жыл бойы барып жүрмін, бірақ нәтиже жоқ, — дейді ол.

Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында бұл кездесу туралы ақпарат расталған. Онда Іле ауданы тұрғындары әкімге 40-тан астам сұрақ қойғаны жазылған. Іс-шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өткен.

Фото: Алматы облысының әкімдігі