457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматы облысында сальмонелла табылған құс еті сатылымнан алынды

Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан «Otan Green Food» құс фабрикасының еті құрамынан сальмонелла анықталғаннан кейін сатылымнан алынды, деп хабарлайды Malim.kz Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кәсіпорында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринарлық-санитарлық бақылау күшейтілді.

«Сальмонелла анықталған өнімдер оқшауланып, сатылымға шығарылмайды. Алматылық өңірлік «РВЛ» филиалымен бірлесіп, қосымша зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Кәсіпорын қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, ішкі сапа бақылауын, жабдықтардың санитарлық тазалығын және алдын алу шараларын күшейткен.

«Халыққа қауіп жоқ. Жағдай облыстық ветеринарлық қызметтің бақылауында», – деп атап өтті әкімдік өкілдері.
Фото: kaztag