457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Көлік министрінің бірінші орынбасары ұсталды

Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары мен мердігер компанияның атқарушы директоры ұсталды. Оларға Нарындағы жолдарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде заңсыздықтарға жол берді деген күдік келтірілген, - деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ге сілтеме жасап.


ҚР Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 31 тамызындағы тергеу жұмыстары барысында Нарын ішкі істер басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері Нарын қаласындағы Шералиев, Ленин көшелерін күрделі жөндеу барысында ҚР Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары С.Т. мен «Бета-Групп» компаниясының атқарушы директоры М.А. ұсталды.

Қырғызстан МҰҚК және Нарын облыстық ІІБ Қылмыстық кодекстің 337-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Фото: inbusiness.kz