457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Блогерлердің лотерея өткізуі қылмыс болып саналады

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов лотерея өткізген блогерлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін хабарлады.

Иә қаралып жатыр (қылмыстық жауапкершілік енгізу). Бұл мәселе бойынша қазір басқа органдардан ұсыныс жиналып жатыр. Содан кейін Үкіметтің қарауына және Мәжіліске шығарамыз. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағанға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Бұл жерде де сондай қылмыстық жауапкершілік қарастырып жатырмыз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.

Еске сала кетсек, 11 автокөлікті ұтысқа қойып, курс сатқан блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әзірге оларға ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Блогерлер ел аумағынан шыққан жоқ.

Коллаж: Kazinform