457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда 18 жастағы жігітті бір топ ер адам ұрып-соққан

Қазір ол ауруханада жатыр

Алматыда жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан. Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған.


Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.

Оның айтуынша, ұлын шамамен 15-20 ер адам ұрып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Күдіктілер есінен танып қалған баласының басынан да тепкен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана зиян келтіру») бойынша іс қозғаған.

– Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Әрқайсының кінәсін және оқиғаның нақты мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлға заңға сәйкес жауапқа тартылады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының құзырында.

Фото: видеодан скрин