457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Белгісіз біреу Алматының орталығында бомба қойылғанын айтып елді дүрліктірді

Келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар эвакуацияланды

Алматыда кеше белгісіз біреу қаланың орталығындағы бір ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz пен қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оқиға Назарбаев көшесінде орналасқан бұрынғы "Цезарь" кинотеатры ғимаратында болған. Полиция және қаланың өзге жедел қызметтері жылдам жеткен.

"Алғашқы әрекет ету шаралары аясында жедел қызметтер нысанға жарылғыш зат қойылды деген хабар түскеннен кейін тексеру жұмыстарын жүргізді. Келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар эвакуацияланды. Сонымен қатар, ғимаратқа комиссиялық тексеру жасалды", - деп хабарлады полиция.

Тексеру нәтижесінде ақпарат расталмады. Сағат 21.00-ге таман бұл нысан бойынша "дабыл" тоқтатылды.

Фото: tengrinews.kz сайтына куәгердің ұсынған суреті