457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шу болған 40 қабатты үйдің құрылысына тыйым салынбайды

Нысан талапқа сай деп танылды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің сауалына жолдаған жауапта 40 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы уақытша ғана тоқтатылатыны, ал оның орнына қандай да бір әлеуметтік нысан салу мүмкін еместігін айтты.

Жоғарыда көрсетілген объектіні жоспардан тыс тексеру барысында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағы, 4, 4-1, 5, 6 тармақшаларын, 68-бабы, 12-тармағы талаптарын бұза отырып, тапсырыс беруші коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу үшін шұңқырды қазу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағанын, сондай-ақ мұнара краны үшін негізді құюды белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаулардың сүйемелдеуінсіз, құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз бастағаны анықталды. 2025 жылғы 2 қыркүйектегі жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, жіберілген бұзушылықтарды жою және тоқтата тұру туралы нұсқама берілді, - деп жазылған әкім жауабында.

Аталған нысанның жобасы тиісті органдардың мақұлдауынан талапқа сай өткен көрінеді.

Алматы қаласының әкімдігі бұл учаскенің жеке меншікте болуына және тапсырыс берушінің 40 қабатты тұрғын үй кешенін жобалауға бастапқы рұқсат беру құжаттарын (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жобаны келісу) алуына байланысты осы учаскеде сквер немесе әлеуметтік объектіні қарастырмайды, - дейді Дархан Сатыбалды.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Тимирязев көшесінің қиылысында салынып жатқан 40 қабатты ғимарат құрылысына қарсы шыққан еді. 

Фото: rams-global.com