457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үсік түсіп, қар жауады... ауа райы мәліметі

Таулы аудандарда тұман түседі

«Қазгидромет» РМҚ ертең Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын мәлім етті. 


6 қазанда Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 06 қазанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Қонаев қаласында 6 қазанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 5 градус үсік күтіледі. Талдықорғанда 6 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Фото: istockphoto