457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

6 қазанда Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Синоптиктер 6 қазанда Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысында түнде шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығысында – жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қаласының өзінде де төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысында солтүстік пен батыста шаңды дауыл болжануда. Таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/с жетсе, Түркістанда кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысында түнде таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстігінде және оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді. Солтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Алматы қаласында және Қонаевта түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Ұлытау облысында шығысында – жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз орталығында және шығысында шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Жетісу облысында Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде солтүстігінде және орталығында 5 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде 5-7 градусқа дейін үсік күтіледі.

Фото: freepik.com