457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

4 қазанда елдің 5 облысында үсік болады

Cенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

2025 жылғы 4 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, антициклон сілемі әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Тек солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады.

Сонымен қатар республика аумағында жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста – көктайғақ болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде -1-3°С үсік болады.