Бүгін қар жауып, үсік жүреді

Елордада және Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 29 қыркүйекте қалада өрттің төтенше қауіптілігі сақталады.
Абай облысында батыс пен солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында шығыста жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласуы мүмкін) болады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі, түнде үсік 3°С дейін күтіледі.
Ақтөбе облысында солтүстікте түнде 2°С үсік болады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі, ал батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстікте, батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда күндіз найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында солтүстікте, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстікте, шығыста күндіз қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін.
Жамбыл облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батыста, солтүстікте, орталықта төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында күндіз найзағай күтіледі. Алакөл маңында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 3°С үсік күтіледі. Батыста, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстікте өрт қаупі жоғары болады.
Қарағанды облысында шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман түседі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында батыста және солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте, шығыста тұман күтіледі. Солтүстікте, батыста түнде 3°С үсік. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында солтүстікте, оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар облысында батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстікте, батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі.
«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райы нашарлаған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Фото: freepik.com