Қазақстанда 26 қыркүйекте ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша ертең, 2025 жылғы 26 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Метеорологтардың айтуынша, солтүстік циклон және онымен байланысты фронттық бөліністер Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады.
"Тек шығыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарға антициклонның ықпалы тиіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қосымша мәліметке сәйкес, республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1°С үсік күтіледі.
Фото: pixabay