457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еліміздің кей аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанның 17 облысында 26 қыркүйекте ескерту жарияланды

Қазақстанның 17 облысында 26 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте ауа температурасы түнде 1-6 градус суық болып, күндіз сынап бағаны 3-8 градус жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 27 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 27 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 27 қыркүйекте күндіз аздап нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында оның екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болып, түнде облыстың солтүстігінде, батысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 27 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстіктен, шығыстан солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 27 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 27 қыркүйекте солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні 15 м/с құрайды.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: pixabay