457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 қыркүйек күні Қазақстанның көп аймағында жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыста найзағай, солтүстікте нөсер байқалады. Ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz

Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түсуі мүмкін.

Синоптиктер бірқатар облыстарда өрт қаупінің жоғары деңгейде сақталатынын хабарлады:

Жоғары өрт қаупі: Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысы, Атырау облысының солтүстік-шығысы, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі.

Төтенше (аса жоғары) өрт қаупі: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл (батыс, солтүстік, орталық), Батыс Қазақстан (батыс, оңтүстік, шығыс), Ақтөбе (батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық), Алматы (солтүстік), Қарағанды (оңтүстік), Қостанай (оңтүстік), Ұлытау облыстары.
Синоптиктердің ескертуі

Мамандардың айтуынша, жаңбырлы әрі желді ауа райы жол қозғалысына әсер етуі мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақ болу ұсынылады. Сондай-ақ, тұрғындарға далада от жағудан бас тартып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

«Құрғақшылық пен қатты жел жағдайында кез келген ұшқын үлкен өртке себеп болуы мүмкін. Сондықтан азаматтарды абай болуға шақырамыз», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Фото: © istockphoto.com