3 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның 15 облысында 3 қазан күніне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде 03 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады. 03 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 03 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 03 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 03 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 03 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 03 қазанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 03 қазанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 03 қазанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 03 қазанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 03 қазанда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 03 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: pixels