Алматыда сарбаз үшінші қабаттан секіріп кетті

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлағандай, оқиға 4 қазанда №5571 әскери бөлімінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Жарақат алған әскери қызметші Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Ведомствоның мәліметінше, сарбазда «бейімделу бұзылысы» диагнозы қойылған – ол бұған дейін жақын туысын жоғалтқан және әскери-дәрігерлік комиссияның (ӘДК) шешімін күтіп жүрген.
«Бейнебақылау жазбалары оқиғаға бөгде адамдардың қатысы жоқ екенін көрсетті. Қызметтік тексеріс тағайындалды, мән-жай анықталуда», - делінген хабарламада.
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі