Курск облысындағы соғыс кезінде мерзімді қызметтегі 60 ресейлік сарбаз қаза тапты

«Маңызды оқиғалардың» есебі бойынша, 2024 жылдың жазғы және күзгі айларында Украина Қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылы кезінде кемінде 60 ресейлік мерзімді қызметтегі сарбаз қаза болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Олардың жартысына жуығы украин шабуылы басталған алғашқы 7 күн ішінде, яғни 6 тамыздан кейінгі кезеңде өлтірілген, деп жазады басылым 3 қазан, жұма күні. Ақпарат көздері ретінде БАҚ хабарламалары, қаза тапқандардың туыстарының әлеуметтік желідегі жазбалары және мұрагерлік істер тізілімі көрсетілген.
Атап айтқанда, 13-14 тамызда бірден жеті сарбаз қаза тапқан. Олар Украина қарулы күштерінің Весёлое ауылындағы (Украина шекарасынан 3,5 км) мектепке жасаған соққысынан мерт болған болуы мүмкін. Ресей әскери қолбасшылығы оларды сол ғимаратқа орналастырған.
Курск облысындағы шайқастарға мерзімді қызмет сарбаздарының қатысуы туралы мәліметтер украин шабуылы басталған алғашқы күндері-ақ шыққан, бірақ Ресей Қорғаныс министрлігі оларды аймақтан шығармаған.
Бұдан бөлек, қыркүйек айында кемінде 20 мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқаны хабарланған. Құрбандардың қатарында Ресейдің 34 өңірінен шақырылғандар бар. Мәселен, Краснодар және Краснояр өлкелерінен – бес-бестен, Алтай өлкесінен – төртеуі, Ямал-Ненец автономды округі, Коми, Бурятия және Дағыстаннан – үшеуден. Олардың орташа жасы – шамамен 20.
Сондай-ақ, тағы 60-тан астам мерзімді қызмет сарбазы Курск облысында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болуы мүмкін екені айтылады.
Фото: Russian Defence Ministry/REUTERS