Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент әкімінің бұрынға орынбасары Руслан Берденов Алматы даму орталығын басқарды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұйымның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Алматы даму орталығы қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуді мақсат етеді. Орталықтың қызметі әкімдік пен қала тұрғындарына кәсіби қызметтердің кең ауқымын ұсыну арқылы қалалық басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өмір сапасы мен деңгейін жақсартуға және қаланы өмір сүруге ең қолайлы әрі тартымды қалалардың қатарына енгізуге бағытталған. Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 100% мемлекеттік қатысумен құрылған.
Руслан Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. 21 сәуірде оған қастандық жасалды. Берденов атыс жарақатын алып, ауруханаға түсті. Кейін белгілі болғандай, оған Шымкент әкімдігіне қарасты ЖШС қызметкері Ернар Жиенбай оқ атқан. Қастандық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.
Фото: Шымкент әкімдігі