457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыдағы СИЗО-да судья көз жұмды

Бұған дейін оны ҰҚК пара алу және алаяқтық жасады деп күдіктенген

Алматыда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұған дейін оны ҰҚК пара алу және алаяқтық жасады деп күдіктенген, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Судьяның қазасы туралы ақпарат Telegram-арнада пайда болды. ҚАЖК баспасөз қызметі қайтыс болған адамның жеке басын нақтыламады, тек ер адамның тергеу изоляторында көз жұмғанын растады. Белгілі болғандай, ол күтпеген жерден қайтыс болған.

Ведомство мәліметінше, алдын ала себеп – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына тіркелген.

«Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.

Сот-медициналық сараптама мен қызметтік тексерудің нәтижелері қосымша жарияланатыны айтылды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 30 қазанында Алматыда Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясына қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдік бары хабарланған болатын.

Сол кезде ҰҚК судьяға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы («Пара алу») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмеген.

Фото: Казтаг