457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Заңсыз жер бөлген шенеуніктерге қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданы әкімінің аппаратын  тексеріп жатыр. Бұл туралы kazinform жазды.

Алматы облысы прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынның жауабына сәйкес, қазіргі уақытта жер заңнамасының сақталу заңдылығына қатысты Қарасай ауданы әкімінің аппаратына тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Алайда алдын ала тексеру барысында жерді заңсыз беру, бөлу, нысаналы мақсатын өзгерту, жалған шешімдер арқылы жер алу бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

- Олар бойынша прокуратураның үйлестіруімен Қарасай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, қадағалау актілері енгізілді. Тексеру жұмыстары жалғасуда, - деді облыс прокурорының орынбасары.

Фото: Pixabay.com