Қазақстанда адам өлтірді деген күдікті Дубайда ұсталды

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша («Адам өлтіру») айыпталып, халықаралық іздеуде жүрген.
Тергеу мәліметінше, күдікті «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырған.
Қылмыстың туындауына техника жеткізу кезінде алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.
Былтыр күзде Алматы облысында күдіктінің тапсырысы бойынша екі адам кісі өлтіру қылмысын жасаған. Бұған дейін қылмысты орындағандар ұсталып, қамауға алынған еді.
Фото: polisia.kz