457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

БҚО-да екі адам қару және есірткіні заңсыз сақтаған

БҚО полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі ауыл тұрғыны қару мен есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. 


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілердің тұрғын үйлерін тінту барысында тыйым салынған заттар тәркіленді.

Олардың біреуінен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 6 оқ-дәрі, қорада жасырылған жасыл түсті, ұнтақталған өсімдік тектес (есірткіге ұқсас) 500 грамнан астам зат, қолданылған 6 шприц пен пластик бөтелке табылды.

Екіншісінің үйінен газетке оралған өсімдік тектес зат, ауласынан тағы үш пакет, өсімдік заты бар үш шприц, есірткіні дайындауға және тұтынуға арналған арнайы құрылғылар шықты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тәркіленген затқа сот-химиялық және баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта есірткі заттарының шығу көзін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Фото: БҚО полиция департаменті