Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты

Оқиға
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
видеодан скриншот

Ақтөбе облысында 49 жолаушы мінген автобус аударылып, салдарынан 5 адам сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы ұшыраған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 1024-шақырымында автобус аударылу фактісі тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі «Самара-Шымкент» автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында көлік құралының қозғалыс бағыты бойынша оң жаққа аударылуына жол берген.

Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жол жүрген Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтекеби аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу