Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 9 желтоқсанда қолайсыз ауа райы, онда да боран соғып, қатты жауын-шашын, көктайғақ болатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, осыған байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады, - деп мәлімдеді Қазгидромет.
Сондай-ақ, болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, жел екпін алады деп күтіледі.