Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жалған ақпарат. "Атырау облысының жаңа әкімі тағайындалды"

Саясат
Жалған ақпарат. "Атырау облысының жаңа әкімі тағайындалды"
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов © Орталық Коммуникациялар Қызметі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Еркін Байділдаев Атырау облысының жаңа әкімі болып тағайындалғаны туралы «Президенттің 5 желтоқсандағы Жарлығы» тарады.

Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазыпты.

Құжатта оның өмірбаяны, еңбек жолы және алғашқы кадрлық шешімдері егжей-тегжейлі көрсетілген.

Алайда бұл құжат ресми түрде ешбір дереккөзде жарияланбаған.

Тексеру барысында Еркін Байділдаев туралы ашық дереккөздерде тек қысқа анықтамалық ақпарат қана кездесетіні анықталды. Жаңалықта көрсетілгендей мемлекеттік қызмет тәжірибесі немесе мұнай-газ саласындағы лауазымдары ресми түрде расталмаған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі де мұндай тағайындаудың болмағанын хабарлап, Атырау облысының басшысы әлі де Серік Шәпкенов екенін растады.

Яғни тараған ақпарат – кәсіби жасалған, бірақ толықтай ойдан құрастырылған фейк.

Ресми кадрлық өзгерістер тек Ақорданың ресми сайтында жарияланады.

Өткен аптада Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Астанадағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу