Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкім көпірдегі апаттың қорытындысы ретінде басқарма басшысын жұмыстан босатты

Қоғам
Әкім көпірдегі апаттың қорытындысы ретінде басқарма басшысын жұмыстан босатты
Шнайдер көпіріндегі оқиға Фото: © instagram.com/akyshovalmat

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін басқарма жетекшісі болған Данияр Уахитов өз өтінішімен қызметінен кетті.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл шешім өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жұмыстары аясында қабылданған.

ШҚО әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы ©gov.kz
ШҚО әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы ©gov.kz

Шнайдер көпірінде орын алған жол-көлік оқиғасынан кейін құқық қорғау органдарының қатысуымен кешенді тексеріс жүргізілген. Тексеру нәтижесінде басқарманың бұрынғы басшысының заң талаптарына қайшы әрекеттері анықталғаны айтылды.

Бұл факті бойынша түпкілікті құқықтық бағаны уәкілетті органдар береді.

Облыс әкімдігі мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, тәртіпті күшейту және жауапкершілікті көтеру бағыты бойынша жұмысты жалғастыратынын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу