Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде автомобиль көпірі опырылып түсті

Оқиға
Өскеменде автомобиль көпірі опырылып түсті

Өскеменде Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Malim.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен жедел әрекет ететін арнайы бөлімшелер жұмылдырылды. Қазір апаттың салдарын жою шаралары қолға алынған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындардан сабыр сақтап, апат аймағына бармау сұралады.

Өскемен әкімі Алмат Ақышевтің айтуынша, соңғы үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен деңгейі көтерілген.

«Көпірді қысқа мерзімде қайта қалпына келтіреміз», – деп сендірді қала әкімі.

Фото: instagram.com/akyshovalmat

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу